Олимпиадный тренинг

Задача . Проект


Задача

Темы:

1. Проектің мақсаты

Нақты бір тақырыпты таңдап, ол бойынша деректер жинау және Python-ның Matplotlib кітапханасын қолдана отырып, сол тақырыпты жан-жақты (Dashboard форматында) ашып көрсету.

2. Тақырып таңдау (Мысалдар)

Оқушылар өздеріне қызықты кез келген бағытты таңдай алады:

  • Авто-әлем: Қазақстандағы ең танымал көлік брендтерінің статистикасы.

  • Спорт: Соңғы Олимпиада немесе футбол маусымының нәтижелері.

  • Киберспорт: Ойындардың танымалдылығы немесе турнирлердің жүлде қоры.

  • Экология: Қазақстан қалаларындағы ауаның ластану деңгейі.

  • Экономика: Ең көп сұранысқа ие мамандықтар мен олардың жалақысы.
     
  • Кез келген басқа өзіңе ұнаған тақырыпты таңдасаң болады
     

3. Проектің шарты (Техникалық талаптар)

Проектіде келесі элементтер міндетті түрде болуы тиіс:

  1. Деректер базасы: Кемінде 5-10 көрсеткіштен тұратын деректер жинағы және проектіні өткізу барысында дереккөзінің (источник) сілтемесін беру керек. 

  2. Визуализация (Кемінде 4 график):

    • Line Plot: Процестің уақыт өте келе өзгеруін көрсету үшін.

    • Bar Chart: Көрсеткіштерді өзара салыстыру үшін.

    • Pie Chart: Үлестер мен пайыздарды көрсету үшін.

    • Scatter Plot: Екі көрсеткіштің байланысын көрсету үшін.

  3. Безендіру: Графиктерде тақырыптар (title), ось атаулары (xlabel, ylabel), тор көздер (grid) және түстер (colors) дұрыс таңдалуы қажет.


4. Бағалау критерийлері (Рубрикатор)

Критерий Дескриптор (Сипаттама) Ұпай 
Тақырыптың ашылуы және дереккөз  Таңдалған тақырып қызықты, деректер логикалық тұрғыдан дұрыс таңдалған және дереккөзді көрсету керек, 1
Кодтың сапасы Кодта қате жоқ, Matplotlib функциялары орынды қолданылған. 2
Графиктердің әртүрлілігі Проектіде 4 түрлі график түрі (Line, Bar, Pie, Scatter) қолданылған. 2
Эстетика және Дизайн Түстер, стильдер және маркерлер тақырыпқа сай, графиктер оқуға ыңғайлы 1
Қорытынды  Графиктерге қарап қысқаша талдау жасалған (мысалы: "Көріп тұрғанымыздай, Қазақстанда Toyota маркасы ең танымал"). 1
Проектіні қорғау (Презентация)   3

5. Проектіні қорғау (Презентация)

Графиктерді түсіндіруі керек, мысалы:

  • "Неге бұл график түрін таңдадым?"

  • "График арқылы қандай маңызды мәліметті көруге болады?"



Статистика успешных решений по компиляторам