Статья Автор: Омарбек Нұр-Мұхаммед

Кіріспе

Кіріспе. 

Төмендегі функцияның графигін салып көреміз!

y = x2  



Кастомизация және стиль

Мақсаты: Графиктің түсін, сызық түрлерін өзгертуді және бірнеше деректі салыстыру үшін "легенда" қосуды үйрену.

1. Түстер мен маркерлер

График тек сызықтан тұрмауы керек. Маңызды нүктелерді ерекшелеу үшін біз маркерлерді қолданамыз.

  • color: сызықтың түсі ('red', 'blue', 'green', т.б.).

  • marker: нүктелердің пішіні ('o' — шеңбер, 's' — квадрат, '^' — үшбұрыш).

  • linestyle: сызықтың түрі ('--' — үзік сызық, ':' — нүктелі сызық, '-' — тұтас сызық).

2. Сетка және Легенда

  • Сетка (plt.grid(True)): графиктегі сандарды дәл анықтау үшін көмекші тор көздері.

  • Легенда (plt.legend()): Егер графикте екі немесе одан көп сызық болса, қай сызық нені білдіретінін көрсететін түсіндірме кесте.




Тәжірибелік мысал: Екі функцияны салыстыру

Келесі кодта біз квадраттар мен кубтардың өсу жылдамдығын салыстырамыз:



Практикалық тапсырма

1-тапсырма: "10 күндік марафон: Екі атлеттің жарысы"

Жалпы жағдай: Екі желаяқ (Атлет А және Атлет Б) 10 күн бойы жарысқа дайындалды. Олардың күнделікті жүгірген қашықтықтары тіркеліп отырды. Сенің мақсатың — осы деректерді визуализациялау арқылы кімнің прогресі жақсы екенін анықтау.

Деректер:

  • Уақыт (Күндер): 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

  • Атлет А қашықтығы (км): 5, 7, 8, 10, 12, 11, 13, 15, 14, 16.

  • Атлет Б қашықтығы (км): 4, 8, 9, 9, 15, 14, 17, 18, 16, 20.

2-тапсырма: "Формула-1: Гран-при жеңімпазын анықтау"

Жалпы жағдай: Соңғы жарыста 4 пилот (Verstappen, Hamilton, Leclerc, Norris) 12 айналым жасады. Әр айналым сайын олардың жылдамдығы мен техникалық жағдайына байланысты бір айналымды өту уақыты (секундпен) өзгеріп отырды. Сенің мақсатың — кімнің ең тұрақты жүргізуші екенін және кімнің соңына қарай "шаршағанын" анықтау.

Деректер (Айналым уақыты секундпен):

  • Айналымдар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12.

  • Verstappen: 80, 79, 79, 78, 78, 79, 80, 81, 80, 79, 78, 77 

  • Hamilton: 82, 81, 81, 80, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 88 

  • Leclerc: 85, 84, 83, 82, 81, 80, 79, 78, 77, 78, 79, 80 

  • Norris: 78, 78, 77, 77, 110, 105, 80, 79, 78, 77, 77, 76 

Тапсырма:

  1. Төрт пилоттың деректерін бір графикте бейнеле.
  2. Қай пилот жеңіске жетті деп ойлайсың?

3-тапсырма: "TikTok vs Instagram vs YouTube: Вирустық видеолар"

Жалпы жағдай: MrBeast 14 күн бойы (2 апта) бір уақытта үш платформада видео жариялады. Ол әр платформаның алгоритмдерін түсіну үшін қаралымдар (views) санын мың есебімен (k) жазып отырды.

Деректер (Қаралымдар саны, мыңмен):

  • Күндер: 1-ден 14-ке дейін.

  • TikTok: 10, 50, 150, 400, 800, 1200, 1100, 900, 700, 500, 300, 200, 150, 100 

  • Instagram: 20, 25, 30, 40, 60, 80, 110, 150, 200, 260, 320, 400, 500, 650 

  • YouTube: 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65, 70 

Тапсырма:

  1. Платформаларды бір графикте сызып салыстырып көр.

  2. Қай платформада "hype" (қысқа мерзімді танымалдылық) жоғары болғанын анықта.

  3. 14 күннің соңында жалпы қаралым саны бойынша қай платформа озып кеткенін есепте.

Печать