Практикалық тапсырма
1-тапсырма: "10 күндік марафон: Екі атлеттің жарысы"
Жалпы жағдай: Екі желаяқ (Атлет А және Атлет Б) 10 күн бойы жарысқа дайындалды. Олардың күнделікті жүгірген қашықтықтары тіркеліп отырды. Сенің мақсатың — осы деректерді визуализациялау арқылы кімнің прогресі жақсы екенін анықтау.
Деректер:
-
Уақыт (Күндер): 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
-
Атлет А қашықтығы (км): 5, 7, 8, 10, 12, 11, 13, 15, 14, 16.
-
Атлет Б қашықтығы (км): 4, 8, 9, 9, 15, 14, 17, 18, 16, 20.
2-тапсырма: "Формула-1: Гран-при жеңімпазын анықтау"
Жалпы жағдай: Соңғы жарыста 4 пилот (Verstappen, Hamilton, Leclerc, Norris) 12 айналым жасады. Әр айналым сайын олардың жылдамдығы мен техникалық жағдайына байланысты бір айналымды өту уақыты (секундпен) өзгеріп отырды. Сенің мақсатың — кімнің ең тұрақты жүргізуші екенін және кімнің соңына қарай "шаршағанын" анықтау.
Деректер (Айналым уақыты секундпен):
-
Айналымдар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12.
-
Verstappen: 80, 79, 79, 78, 78, 79, 80, 81, 80, 79, 78, 77
-
Hamilton: 82, 81, 81, 80, 80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 88
-
Leclerc: 85, 84, 83, 82, 81, 80, 79, 78, 77, 78, 79, 80
-
Norris: 78, 78, 77, 77, 110, 105, 80, 79, 78, 77, 77, 76
Тапсырма:
- Төрт пилоттың деректерін бір графикте бейнеле.
- Қай пилот жеңіске жетті деп ойлайсың?
3-тапсырма: "TikTok vs Instagram vs YouTube: Вирустық видеолар"
Жалпы жағдай: MrBeast 14 күн бойы (2 апта) бір уақытта үш платформада видео жариялады. Ол әр платформаның алгоритмдерін түсіну үшін қаралымдар (views) санын мың есебімен (k) жазып отырды.
Деректер (Қаралымдар саны, мыңмен):
-
Күндер: 1-ден 14-ке дейін.
-
TikTok: 10, 50, 150, 400, 800, 1200, 1100, 900, 700, 500, 300, 200, 150, 100
-
Instagram: 20, 25, 30, 40, 60, 80, 110, 150, 200, 260, 320, 400, 500, 650
-
YouTube: 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65, 70
Тапсырма:
-
Платформаларды бір графикте сызып салыстырып көр.
-
Қай платформада "hype" (қысқа мерзімді танымалдылық) жоғары болғанын анықта.
-
14 күннің соңында жалпы қаралым саны бойынша қай платформа озып кеткенін есепте.